Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері карантин талаптарын бұзудың 734 фактісі анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері карантин талаптарын бұзудың 734 фактісі анықталды
ашық дереккөз

Елорда әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. «Қала аумағында карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты Полиция департаменті шағын және орта бизнес нысандарының, елорда тұрғындары мен қонақтарының оларды сақтауы бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Эпидемиологиялық талаптарды бұзатын объектілерге, яғни ойын-сауық орындарына, дәмханаларға, мейрамханаларға, караокеге, барларға, сауда орталықтарына ерекше назар аударылады. Осы жылдың басынан бері мобильдік топтар 1 180 рейдтік іс-шара өткізіп, 734 карантиндік шараларды бұзушылықты анықтады», — деді А.Айтмағамбетов. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 42 мекемеге қатысты 53 материал жіберді, олар — қаралу сатысында. Сот шешімімен 36 мекеменің әкімшілігі объектілердің қызметі тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Карантинді бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, халыққа карантиндік шараларды сақтау туралы түсіндіру сұхбаты жүргізілуде.