Сарыарқа ауданындағы гүлбақта скейт-парк ашылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сарыарқа ауданындағы гүлбақта скейт-парк ашылады
ашық дереккөз

«Жаңа скейт-парк, балаларға арналған алаң және демалыс аймағы. Осының барлығы Сарыарқа ауданындағы Герцен және Оқжетпес көшелерінің қиылысында гүлбақта орналасатын болады», делінген хабарламада. Аудан тұрғындарының үшінші қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша осындай жоба әзірленген. Урбанистика орталығының мәліметінше гүлбақтың құрылысы биыл жүзеге асырылады.