Ботаникалық бақта Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған онлайн жүгіру өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ботаникалық бақта Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған онлайн жүгіру өтеді
ашық дереккөз

Есіл ауданының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының Спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу жөніндегі дирекциямен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ботаникалық бақта онлайн жүгіру өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Есіл ауданының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының Спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу жөніндегі дирекциямен бірлесіп, 17-26 сәуір аралығында ашық ауада жекелей түрде онлайн оқыту жүргізеді. Өткізу уақыты: 09.00-20.00 аралығында. Қатысу үшін төменде көрсетілгендерді орындауыңыз қажет: 1. Нәтижелерді бақылау үшін «Strava» мобильді қосымшасына тіркеліңіз. 2. Онлайн жарысқа қатысқаннан кейін нәтижелерді және төмендегі мәліметтерді көрсетілген нөмірге жіберіңіз: * Жеке куәлік * «Strava» бағдарламасындағы аккаунт атауы 3. Нәтижені бекіту үшін телефоныңызға, сағатыңызға «Strava» бағдарламасын қосуды ұмытпаңыз. 4. Instagram-дағы өз парақшыңызға жүгіріп өткен нәтижеңізді бөлісе отырып, @esilakimat парақшаларын #ESILSPORT хэштегімен және қашықтығыңызды көрсете отырып, #онлайн 5км, #онлайн 3КМ, #онлайн 2км, #онлайн 1км белгілеңіз. Сондай-ақ, нәтижеңізді WhatsApp-тағы 8 775 947 22 79 (Еділ) нөміріне жіберуіңіз қажет. Осы арқылы жарыстың қорытындысы шығарылатын болады. Жеңімпаздар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.