Елорда әкімі азаматтарды қабылдауда 30-дан астам мәселені қарады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда әкімі азаматтарды қабылдауда 30-дан астам мәселені қарады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111710719810194.webp)
ашық дереккөз
"Тұрғындармен кері байланысты нығайтып, келіп түскен сұрақтар бойынша жедел әрекет ету үшін апта сайын азаматтарды қабылдап тұрамыз. Өткен аптаның соңында онлайн режимінде 11 қала тұрғынымен әңгімелестім. 30-дан астам мәселе көтерілді. Азаматтарды қабылдау барысында қаланы аралау кезінде көтеріліп жатқан мәселелер «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көрініс табады. Құжатқа 13 негізгі басым бағыттар кірді. Мысалы, 2021-2025 жылдар аралығында жыл сайын 10 мыңға жуық жеңілдікті әлеуметтік пәтер салу, апатты үйлерді жөндеу, тұрғындарды апатты үйлерден көшіру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 5 жыл ішінде 50 мемлекеттік мектеп салынады. "Қадамдық қолжетімділік" қағидаты бойынша тағы 30 "үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылады. Елді мекендерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы жылдарда 130 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 85 км нөсер кәрізі, қосалқы станция және 177 км электрмен жабдықтау желілері, 23 км жылумен жабдықтау желілері, 3 нөсер кәріздерін тазарту құрылыс кешендері салынады. Сондай-ақ мектептер, бірқатар медициналық орталықтар, саябақтар пен скверлер құрылады", - деп жазды елорда әкімі.
Ұқсас жаңалықтар