Нұр-Сұлтанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» конкурсы басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» конкурсы басталды
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде республикалық «Парыз-2021» конкурсы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейде, яғни екі кезең бойынша өткізіледі. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша: 1. шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; 2. ірі кәсіпкерлік субъектісі; Және мынадай номинациялар бойынша беріледі: 1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.). 2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда үміткерлердің еңбек жағдайларын құруда жұмыскерлердің денсаулығын сақтау әрекеті қаралады. 3.«Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады. 4.«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін. Ал өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Конкурс жөнінде толық ақпаратты 70-33-00, 70-32-77, 70-32-22, 70-32-78, 55-68-84, 55-68-88, 55-67-27 (Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы), 55-68-11, 55-68-05 (Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы) және   22-65-95, 22-78-06 (Нұр-Сұлтан қаласының Экология департаменті) телефондары арқылы алуға болады. Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2021» конкурсын өткізу ережесі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтында жарияланған (www.enbek.gov.kz).