Елордалық ТЖД жауапты тұлғаларға шатырлардың қары мен сүңгі мұзын тазалауды ұсынды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық ТЖД жауапты тұлғаларға шатырлардың қары мен сүңгі мұзын тазалауды ұсынды
ашық дереккөз

Алдын ала консультативтік гидрологиялық болжамға сәйкес, сәуір айының 1 онкүндігінде елордада жауын-шашын болып, күндіз +100С және түнде +20С  тұрақты және оң ауа температурасы орнығады деп күтілуде. "Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес Есіл өзені бассейнінің ауданы 5 300 км2 құрайды, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қардағы су қоры 77 мм (2020-6 мм), жинақталған ылғал қорының көлемі 408 млн. м3 құрайды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 13,6 есе көп (2020 - 30 млн. 3), топырақтың қату тереңдігі 92 см, бұл 2020 жылға қарағанда үш есе көп. Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін "Астана Тазалық" ЖШС базасында 12,6 тонна инертті материалдар қоры, 3,5 мың қап ыдыс дайындалды, тамақ және ЖЖМ жеткізуге 3 келісім жасалды, оның ішінде: азық-түлікпен жабдықтауға 2 келісім және ЖЖМ бойынша 1 келісім. Сондай-ақ, 2020 жылы Төтенше жағдайлар кезінде халықты қоныстандыру бойынша 4 қонақүймен келісімдер жаңартылды және 1 500 адамды құрайтын 10 уақытша орналастыру пункті дайындыққа келтірілді. "Құрметті тұрғын үй кешендеріне (ТКК) және әкімшілік ғимараттарға (Бизнес-орталықтар, СОО) қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері,сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелері! Ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ Төтенше жағдайлар мен жарақаттануға жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерге тиесілі аумақта, учаскеде су тасқынына қарсы уақтылы іс-шаралар өткізуді ұсынады. Тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдеріне кіреберістің шатырлары мен шатыр күнқағарларын қар мен мұздан тазалауды, сондай-ақ үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуарлық жолдарды тазартуды ұсынамыз", - деді Е.Байыров. Механикаландырылған тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына үй аумағынан қарды жол жиегіне шығаруды ұсынамыз. Бұл іс-шаралар учаскелерді су басу мүмкіндігінен азайтуға мүмкіндік береді.