«Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111864639053537.webp)
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2021 жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. Бағдарламаға мына санаттағы азаматтар қатыса алады: алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген адамдар, 29 жастан аспаған жастар қатарындағы, оның ішінде NEET санатындағы жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар. Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкі орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтына орналастырылған. Өтінім беру egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады. Сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, тел. 72-93-56; 57-88-86.