Елордалық спортшылар су добынан ел чемпионы атанды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық спортшылар су добынан ел чемпионы атанды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211187464159840.webp)
Жарыстың финалына Алматы, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Тараз қалаларының командалары қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы барлық матчта жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсетті. Мүмкін болған 10 ұпайдан 10 ұпай жинады. Жалпы есеп 65:16. Ойыншылар физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Команданы ҚР чемпионатының алтын жүлдесіне жаттықтырушылар Әділ Темірханов пен Артем Османов алып келді. Жалпы қорытынды есепте бірінші орынды 10 ұпаймен Нұр-Сұлтан спортшылары жеңіп алса, екінші орынды 7 ұпаймен Тараз иеленді. Ал үздік үштікті 5 ұпаймен Ақтөбе түйіндеді. Осы жастағы спортшыларға 2024-2036 жылдары өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды деп үміт артылып отыр. Нұр-Сұлтанда су добының бірегей базасы құрылды, оның жаттығу процесін қазіргі Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген балалар су добынан шақырылған сербиялық маман Небойша Обрадович басқарады. «Бұл жетістіктер елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының Спорт басқармасы тарапынан балалар су добын қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. Елдегі су добы жыл сайын дамып келеді, спортшылардың бәсекесі мен шеберлігі артып келеді. Биыл Астаналық су добы мектебі өзінің он жылдығын атап өтіп жатыр», — деді су добынан қаланың аға жаттықтырушысы Әділ Темірханов. Айта кетейік, ел чемпионаты эпидемиологиялық жағдайға байланысты жанкүйерсіз өтті. Ал бәсеке барысында санитарлық нормалар мен талаптар толықтай сақталды.