ТЖД жауапты тұлғаларға шатырлардың қары мен сүңгі мұзын тазалауды ұсынды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ТЖД жауапты тұлғаларға шатырлардың қары мен сүңгі мұзын тазалауды ұсынды
ашық дереккөз

«Құрметті тұрғын үй кешендеріне (ТКК) және әкімшілік ғимараттарға (Бизнес-орталықтар, СОО) қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелері! Ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ Төтенше жағдайлар мен жарақаттануға жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерге тиесілі аумақта, учаскеде су тасқынына қарсы уақтылы іс-шаралар өткізуге шақырады. Тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдеріне кіреберістің шатырлары мен шатыр үстін қар мен сүңгі мұздан тазалауды, сондай-ақ үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуар жолдарды тазарту керектігін ескертеміз», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Консультативтік гидрологиялық болжамға сәйкес сәуір айының алғашқы онкүндігінде елордада ауа температурасының -12 С-тан +8 С-қа дейін жылуы, температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Жауын-шашын жаңбыр мен дымқыл қар түрінде күтіледі, тұман мен найзағай болуы мүмкін. Департамент қызметкерлері тұрғындарға арнап үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізуде, бүгінгі күні 16 рейдтік іс-шара өткізілді, жалпы 2 000 адамды қамтумен 1 500-ден астам үйді аралау жүзеге асырылды, 900-ден астам ұсыным берілді. Механикаландырылған тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына үй аумағындағы қарды жол жиегіне шығару ұсынылады. Бұл іс-шаралар учаскелерді су басу мүмкіндігінен азайтуға мүмкіндік береді. «Құрметтті тұрғындар! Төтенше жағдайларға жол бермеу үшін Сіздерден негізгі қауіпсіздік ережелерін және нұсқауларын сақтауға шақырамыз», — делінген хабарламада.