Елордада көпбалалы және жалғызбасты аналар баспаналы болды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада көпбалалы және жалғызбасты аналар баспаналы болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111875825757423.webp)
Аталған шарада елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен "Отбасы банк" АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев сөз сөйлеп, үйлі болған тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады.
«Біріншіден, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Осы үй баршағыңызға берекелі және құтты болсын! Әрқашан балалардың күлкісі мен бақытқа толы болсын!», — деді Нұрлан Нұркенов.
«Құрметті жерлестер, сіздерді "Отбасы банк" атынан бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Үйге мұқтаж азаматтарды үймен қамтамасыз ету бойынша орасан жұмыс атқарылып жатыр. 2020 жылдың нәтижесі бойынша 2 500 адам мемлекеттік бағдарлама аясында "Отбасы банк" арқылы жеңілдетілген несиемен өз үйлеріне қол жеткізді. Биыл сол жұмыстар жалғасын табуда. Сонымен қатар 8 мыңға жуық пәтер беріледі. Бүгінгі алған пәтерлеріңіз құтты болсын! «Сырты малға, іші жанға толсын» деген қазақта жақсы сөз бар, сол қуаныштарға барлығымыз бірге жете берейік», — деді Жансұлтан Матаев.
Шара соңында пәтерге ие болған қала тұрғындары қуаныштарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.
«Осы үйді алғаныма қуаныштымын. Бүгінгі күнге дейін пәтер жалдап тұрдық. Жалғызбасты ана болғандықтан қиынға соқты десем болады. 2015-тен бастап 6 жыл кезекке тұрдым. Міне, бүгін төбем көкке жетіп, жақсы көңіл-күйде тұрмын», — дейді Сәния Жаппасбаева.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үйлі болып жатырмыз. Нұр-Сұлтанда тұрғаныма 20 жылдан аса уақыт болды. Кезекке 2009 жылдан бері тұрып осы үйге қол жеткіздім. Бұл үйдің тиімділігі қаланың ортасында орналасқан. Сонымен қатар барлық бағытқа жақын. Айтар тілегім, барлық қазақстандық баспаналы болсын. Әр отбасыға бақыт пен шаттық тілеймін!», — деген тілек білдірді қала тұрғыны Рысалды Әубәкірова.