00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда полициясы жүргізушілерге ескерту жасады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығы мен жауын-шашынға байланысты жол қозғалысында барынша мұқият болуға шақырады. 

Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр ережелері мен бүйірлік аралықты қатаң сақтауды ұсынады.

Көлік құралдарының жүргізушілері шұғыл маневрлер мен тежеулерді жасаудан бас тартқаны жөн, бұл ауа райына байланысты көлік құралын бақылауды жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін. Жаяу жүргіншілерге жүру бөлігінен өту кезінде жақындап келе жатқан автокөліктің жоқтығына көз жеткізу қажет. Жолдан өткен кезде гаджеттерден алшақтап, құлаққаптарды шешіп, көліктің жоқтығына көз жеткізу керек, – делінген хабарламада.