Елордада «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтті
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Акцияның мақсаты жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау. Соның ішінде жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.
«Өздеріңізге мәлім тамыз айында «Мектепке жол» акциясы жылда ұйымдастырылады. Осы орайда қала басщылығының тапсырмасымен аудан әкімдіктері мен белсенді азаматтар атсалысып іс-шараны ұйымдастыруға көмектесуде. Сонымен қатар жастар саясаты басқармасы мен елордадың белсенді жастары бірлесіп 100-ге жуық мектепке арналған сөмкелер дайындап табыстаудамыз», — деді Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
Оның айтуынша, оқушыларға арналған сөмкенің ішінде барлық кеңсе тауарлары мен мектепке арналған құрал-жабдықтар бар. Бір сөмкеге жұмсалған қаражат бағасы шамамен 15 мыңға жуықтаған. Сондай-ақ ол балалардың мектепке баруын алдын алу үшін көмектескен жеке кәсіпкерлер, «Royal realty group» ЖШС директоры - Бөлеген Берік Әбдірахымұлы, «Doctor Dent» ЖШС негізін қалаушылар - Абильдин Дулат Серікұлы мен Абильдина Дана Диасқызына алғысын білдіреді.
«Мен 4 баланың анасымын. Бір балам мүгедек болғандықтан бала күтімімен үйде отырмын. Өз басым әкімдіктен берілетін осындай қайырымды көмектерге өте ризамын. Өткен «Құрбан айт» мерекесінде де азық-түлік себетін беріп бізді қуантқан болатын. Бүгінгі көрсетіліп жатқан көмек материалдық жағдайды жеңілдеді. Себебі балалардың мектепке арналған киімдері мен құрал-жабдықтары қымбат. Сондықтан да алғысым шексіз»,— деді көпбалалы ана Марал Нығметова.
Ұқсас жаңалықтар