Алтай Көлгінов: Нұр-Сұлтанда онлайн-санақ 1 қыркүйектен басталады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов: Нұр-Сұлтанда онлайн-санақ 1 қыркүйектен басталады
ашық дереккөз

«1 қыркүйектен бастап онлайн-санақ басталады. Санақ sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады. Қала тұрғындары орналасқан жеріне қарамастан виртуалды көмекші арқылы өздеріне және отбасы мүшелеріне арналған санақ парағын толтыруы қажет. Міне осылай санақтан өте алады. Онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін дәстүрлі жаппай аралау 1 қазан мен 30 қазан аралығында өтеді. Санақ кезінде сұхбат алушылар планшеттерді пайдаланады. Алынған мәліметтер тікелей жалпы ақпарат базасына жіберіледі. Санақ санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Оны өткізу жұмысын жауапты мемлекеттік органдармен талқыладық», - дейді елорда әкімі.

Әкім жаппай аралау жұмысына араласатын қызметкерлер міндетті түрде вакцина алуы керектігін, бұл олардың да, өзгелердің де денсаулығын қорғауға мүмкіндік беретінін мәлім етті. Сол сияқты санақ қызметкерлерінің жалақысы есептелетінін, көлік карталары берілетінін атап өтті.

«Халық санағы бойынша маңызды ақпарат ПИК (МИБ), ТҚК, басқарушы компаниялар, СОО, лэд-экрандар және басқа да ақпарат көздері арқылы жеткізіледі. Елімізде санақ соңғы рет 2009 жылы өткізілді. Ол маңызды сараптамалық мәліметтерді, оның ішінде халықтың нақты санын, жасын, гендерлік құрамын және т.б. алуға мүмкіндік береді», – деп жазды елорда әкімі.