90-нан асқан Төрегелді Шарманов та вакцина салдырды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Коронавирус – өте қауіпті індет. Мұны әлем ғалымдары дәлелдеді. Одан құтылудың жалғыз жолы – вакцина. Мен 90-нан асқан шағымда вакцина салдырдым. Маған үйге келіп салды. Өзімді өте жақсы сезінемін», - деді академик.
Ол Sinopharm шығарған Vero Cell вакцинасын салдырды. Сондай-ақ жұртты қауіпті індетке қарсы тұру үшін вакцина салдыруға шақырып, вакцина туралы жалған жаңалықтарға сенбеу керектігін ескертті.
«Қазір «вакцина қауіпті» деген жалған ақпарат таратылып жатыр. Сенбеңіз! Вакцина – қорғанудың жалғыз жолы және жақын адамдарыңызбен бірге болудың жалғыз мүмкіндігі», - деді ақсақал дәрігер.
Ұқсас жаңалықтар