Елорда іргесіндегі қаланы халық санын көбейтпей дамытқан жөн – сарапшы
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда іргесіндегі қаланы халық санын көбейтпей дамытқан жөн – сарапшы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107324447230402.webp)
ашық дереккөз
Оның айтуынша, қала болғаннан кейін алдымен оның инфрақұрылымы дұрысталуы керек. Осылайша халықтың жан-жақты мүмкіндігі артатын орта қалыптасуы тиіс.
«Қарапайым жылу мен су, сондай-ақ жол қатынастары толықтай қала сипатына сай өзгертілуі керек. Қосшыны үлкен өзгерістер күтіп тұр. Сол себепті мәселелерді қарай отырып, инвестиция тарту керектігі де айқын көрінеді. Әрине, қала мәртебесі берілгеннен кейін қаражат та бөлінеді. Онымен қоса қалаға жаңа компаниялар өз құрылыстарын сала бастайды. Жергілікті азаматтар бірқатар өзгеріске дайын болуы шарт», - деді Мақсат Халық.
Сөз соңында ол Қосшыдағы проблемалардың алдын алу механизмін ұсынды. Айтуынша, қала тұрғындарының саны белгілі бір мөлшерден аспауы керек.
«Басты күшті елорданың дамуына ғана бағыттаған дұрыс емес. Қасынан Қосшы секілді кішкене қалалардың да пайда болғаны жөн. Шетелдік тәжірибеге қарасақ, үлкен қалалардың төңірегінде кіші қалалар да бой көтерген. Бірақ олардың халық саны шектеулі. Мысалы, Қосшы тұрғындарының саны 80 мыңға жетті десек, соның негізінде жергілікті әкімдік жоспар құруы тиіс. Олар 100 мың немесе 150 мыңнан асырмауымыз керек деген талап қоюы қажет. Егер көшіп келушілер саны көбейе берсе, проблема арта түседі. Себебі, сырттан заңсыз келушілер де бар», - деді сарапшы.
Ұқсас жаңалықтар