БҚО елордада өтетін жәрмеңкеге 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![БҚО елордада өтетін жәрмеңкеге 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721073248613940.webp)
Жәрмеңкеге жалпы көлемі 120 тонна болатын Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімі ұсынылады. Оның ішінде 65 тонна сиыр еті мен жылқы еті, 15 тонна шұжық және консерві өнімдері, 5 тонна жаңа балық, 20 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна өсімдік майы, 3 тонна сүт өнімдері, 5 тонна түрлі сусындар, 2 тонна кондитерлік өнімдер, 36 мың жұмыртқа бар. Жәрмеңкеге 80 тауар өндіруші қатысады. Жәрмеңкедегі бағалар дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-20%-ға арзан болады. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарына өнімді қолайлы бағамен сатып алу үшін жасалып отыр. Жәрмеңкеге келушілер санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауы керек: маска тағу, қашықтықты сақтау және антисептиктерді қолдану.