Отандық өңдеуші өнеркәсіпте инвестиция көлемі екі есеге жуық өскен

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Отандық өңдеуші өнеркәсіпте инвестиция көлемі екі есеге жуық өскен
ашық дереккөз

2021 жылғы қаңтар мен шілде аралығында өнеркәсіп секторындағы негізгі капиталға  3,33 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл былтырға қарағанда 8,3%-ға аз. Күрделі салым көлемінің төмендеу деңгейі 10,5%-ға жеткен. Саладағы инвестицияның ең көп көлеміғ яғни барлық портфельдің 61%-ы немесе 2,03 трлн теңге дәстүрлі түрде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу сегментіне тиесілі. Сондай-ақ аталған сектордың үлесі бір жылда күрт азайған: 2020 жылғы сәйкес кезеңде өндіруші салаға тартылған инвестиция көлемі 74,5%-ды құраған. Саладағы мұндай өзгеріс өңдеу сегментіндегі инвестициялық белсенділіктің күрт артуымен де байланысты. Мұнда күрделі салымдар бір жылда 88,4%-ға және нақты көлемде 82,9%-ға немесе 836,7 млрд теңгеге дейін өскен. Бұл – Қазақстан өнеркәсіптік секторы инвестициялық портфелінің 25,1%-ы. Өткен жылы саладағы көрсеткіш 12,2% болған. Тау-кен өндіруде дәстүрлі түрде мұнай-газ өндіру саласы көш басында тұр (1,52 трлн теңге немесе өндіруші сегмент портфелінің 75%-ы). Алайда өткен жылғы көрсеткіш 83,5%-ды құрапты. Металл кенін өндіру үлесі өндіруші саланың күрделі инвестицияның жалпы көлемінен 12,2%-дан 16,8%-ға дейін өскен. Қайта өңдеу сегментінде инвестицияның ең көп көлемі, яғни 37,7%-ы химия өнеркәсібі саласына бағытталған. Бұл – 315,6 млрд теңге, өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе артық. Инвестиция тартылған негізгі секторларға металлургия саласы (өңдеу саласындағы күрделі салымның 34,3%-ы немесе 287,3 млрд теңге), тамақ өнеркәсібі (8,4% немесе 70,4 млрд теңге) және құрылыс материалдары мен өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (6,1% немесе 51,2 млрд теңге) енді.