Халық санағы кезінде әр адамға 91 сұрақ қойылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халық санағы кезінде әр адамға 91 сұрақ қойылады
ашық дереккөз

Жалпы биылғы науқанның ерекшелігі, санақ парақшаларына пандемияның табыс деңгейіне әсері, халықтың коронавируспен сырқаттануы және вакциналауға қатысты жаңа сұрақтар енгізілген. Бүгін Үкімет отырысында мәлім етілгендей, санақ жүргізуге 32 мыңнан астам адам тартылып отыр. Оның ішінде жұмыссыздар мен студенттер де бар. Бірақ олардың барлығы коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс. Жалпы биылғы халық санағы 1 қыркүйек пен 15 қараша аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн форматта және қазан айының 1-30 аралығында электрондық планшеттер пайдалану арқылы дәстүрлі сауалнама арқылы жүреді.