Елорда іргесінде жаңадан құрылған қалаға әкім тағайындалды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда іргесінде жаңадан құрылған қалаға әкім тағайындалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107324436172894.webp)
Еске сала кетсек, биылғы 27 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сол сәтте Қосшы ауылдық округы облыстық маңызы бар қала мәртебесін алды. Сол жаңа қаланың жаңа әкімі Ғайдар Қасенов – Ақмола облысы Атбасар ауданының тумасы. Ол С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2001-2006 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған. Ал 2008-2015 жылдары «Қазтеміртранс» АҚ-ның Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді. Қосшы қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болған.