Нұрлан Ермекбаев VII Армия халықаралық ойындарының ашылуына қатысты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұрлан Ермекбаев VII Армия халықаралық ойындарының ашылуына қатысты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107325348431300.webp)
Салтанатты түрде ойындарды ашқан Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин әскери жарыстардың халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін арттырудағы маңызын, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің саны мен жарыс өтетін орындардың ауқымы ұдайы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Осы ойындар аясында 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында 11 елдің аумағында 34 конкурс өтеді. Оған 40-тан астам мемлекет қатысады. Қазақстанның Қарулы Күштері 11 конкурсқа қатысады. Ел аумағында – «Артиллериядан оқ ату шеберлері» және «Сұңқар аңшылығы» атты 2 конкурс өткізіледі.
Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Сондай-ақ, ол танк биатлонына қатысатын қазақстандық команданың басшылығымен кездесіп, әскери қызметшілердің дайындығын талқылады. Оларға Қарулы Күштер жеке құрамының атынан сәттілік тіледі.
Өткен жылдағыдай Қорғаныс министрі, ойындармен қатар «Патриот» паркінде өткізіліп жатқан «Армия-2021» халықаралық әскери-техникалық форумына барып қайтты. Қазақстан қорғаныс ведомствосы жұмыс тобының өкілдері Қарулы Күштерге қажет болуы ықтимал әуе шабуылына қарсы қорғаныс және ұшқышсыз ұшатын авиациялық құрылымдар аясында әлемнің жетекші өндірушілері шығарған соңғы үлгідегі кейбір әскери техника түрлерімен танысты.