«Көрініс ауыр»: саяси шолушы Ғазиз Әбішев елорданың ковидтік ауруханасында болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Көрініс ауыр»: саяси шолушы Ғазиз Әбішев елорданың ковидтік ауруханасында болды
ашық дереккөз

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев өзінің Telegram-каналында №1 көпбейінді қалалық аурухананың ковидтік стационарынан бейнеролик орналастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Біз Астананың №1 МГБ ковид-стационарында болдық. Реанимация пациенттерінің арасында — жас және егде жастағы адамдар бар, басым көпшілігі вакцинацияланбаған. Соған қарамастан науқастардың өмірін сақтап қалуға тырысқан дәрігерлердің еңбегі зор. ", — деп жазды Әбішев.

Бейнеде ӨЖЖ аппараттарының астында реанимацияда жатқан ауыр науқастар мен төсектер де көрсетілген.

"Біз реанимация бөлімшесіндеміз. Көрініс ауыр. Көптеген адамдар өкпені жасанды желдету аппараттарының астында жатыр. Олардың өмір үшін үлкен қиындықпен күресіп жатқанын көруге болады", - деп атап өтті Ғазиз Әбішев.