Нұр-Сұлтанда соңғы үш күнде 44 мекеме карантин талаптарын бұзды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда соңғы үш күнде 44 мекеме карантин талаптарын бұзды
ашық дереккөз

Өткен тәулікте, яғни 22 тамызда мониторингтік топтар 5 мекемеде карантин талаптарының бұзылғанын анықтады. Нақтырақ тоқталар болсақ, Есіл ауданында белгіленген жұмыс режимін «Панаехали» бары мен «Мята» лаундж-бары бұзды. Ал Сарыарқа ауданында тәртіп бұзушылар тізіміне «Brio» караоке-бары мен «Стамбул» клубы кірді. Сондай-ақ, карантиндік шаралар Байқоңыр ауданында орналасқан «Mafia» караоке-барында ескерілген жоқ. Елорда әкімдігі соңғы үш күнде мониторингтік топтар қаланың 44 кәсіпкерлік объектісінде санитарлық нормалар мен елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысының басқа да тармақтарының бұзылғанын хабарлады. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. COVID-19 вирусының одар әрі таралуына жол бермес үшін қала қонақтары мен тұрғындарына, сондай-ақ кәсіпкерлік объектілеріне барлық санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады.