Өзбекстанда 400-дей мектеп пен 7 ЖОО қазақ тілінде сабақ береді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Өзбекстанда 400-дей мектеп пен 7 ЖОО қазақ тілінде сабақ береді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107326639049003.webp)
ашық дереккөз
«2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан Республикасы жылы аталып өтті. Айтулы жыл аясында Қазақстанда түрлі бағыттағы 90-нан астам іс-шара ұйымдастырылды. Сәйкесінше, 2019 жылы біздің елде Қазақстан жылы аталып, оның аясында 80-нен астам іс-шара өтті. Екіжақты өткен іс-шаралар саяси, ағарту, мәдени және гуманитарлық бағытты меңзеді. Өкінішке қарай, 2020 жылы пандемияға байланысты екіжақты іс-шараларды тоқтата тұруға тура келді. Дегенмен екі ел арасындағы өзара байланыс тоқтаған емес», - деді Саидикрам Ниязходжаев.
Сонымен қатар, ол Өзбекстандағы қазақтардың тағдыры туралы айтты.
«Қазір Өзбекстанда 822 мың қазақ өмір сүріп жатыр. Олар Өзбекстан елінің дамуына өз үлесін қосуда. Біздің елде 400-дей мектеп қазақ тілінде білім беріп жатыр. Сонымен қатар, Өзбекстанның 7 жоғары оқу орнында гуманитарлық және техникалық мамандықтар қазақ тілінде үйретіледі. 1992 жылдан бері Өзбекстанның 30 облыс орталығында қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп тұр», - деді елші.
Ұқсас жаңалықтар