Биыл «Дарын» сыйлығын алудан 237 жас үмітті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл «Дарын» сыйлығын алудан 237 жас үмітті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210741154504637.webp)
10 тамызда «Дарын» сыйлығына ізденушілердің құжаттарын қабылдау аяқталды, 237 өтінім қабылданды (2020 жылы – 160 өтінім). Номинациялар бойынша өтінімдер саны келесідей: «Ғылым» - 55, «Эстрада» - 9, «Классикалық музыка» - 18, «Халық шығармашылығы» - 21, «Дизайн және бейнелеу өнері» - 7, «Театр және кино» - 47, «Спорт» - 22, «Әдебиет» - 18, «Журналистика» - 7, «Қоғамдық қызмет» - 33. Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін талантты жастарды қолдау мақсатында жыл сайын беріледі. Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне жоспарланып отыр.