Конференция лигасы: «Астана» финляндиялық клубтан ұтылып қалды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Конференция лигасы: «Астана» финляндиялық клубтан ұтылып қалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210741478988645.webp)
Осыдан бір апта бұрын бұл командалар Финляндия жерінде кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасты. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өткен ойын 3:4 есебімен тең аяқталды. Бұл ойынның бірінші кезеңі "Астананың" пайдасына аяқталды. 4-минутта Тигран Барсегян есепті ашса, 41-минутта Абат Айымбетов есепті еселеді. Бірақ екінші тайм елордалық команда үшін сәтсіз болды. 53-минутта ойынға екінші таймның басында қосылған Ранжел есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен 58-минутта Барсегян дубль авторы атанып, есепті тағы еселеп қойған еді. Алайда сол Ранжел 61-минутта есеп айырмасын қысқартса, 74-минутта таразы басын теңестірді. Ал 77-минутта Яник Икауниек КуПС командасының жеңісті голын соқты. Бұдан кейін Андрей Тихоновтың тәлімгерлері қанша шабуылдағанымен, есепті теңестіре алмады. Осылайша "Астана" командасы биылғы маусымдағы еурокубок жорығын аяқтады. КуПС командасы болса келесі айналымда "Берлин-Унион" командасымен кездеседі.