«Жасыл елдің» кезекті еңбек маусымы аяқталды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Жасыл елдің» кезекті еңбек маусымы аяқталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107415821833426.webp)
ашық дереккөз
«2005 жылғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан кейін «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы республиканың барлық өңірінде және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жүзеге аса бастады. «Жасыл ел!» бастамасы - терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние! Жыл сайын осы бағдарламаны іске асыруға қала жастары мен студенттер, мектеп оқушылары белсенді атсалысуда. Елбасының жастар алдына қойған міндеті «абыроймен» орындалуда. Сол кезден бері жыл сайын іске асып келе жатқан «Жасыл ел» жастар еңбек және студенттік құрылыс жасақтарының бүгін - Халықаралық жастар күнінде, ХVII еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. 2021 жылғы сәуір айында бастау алып, 1200 бала жұмысқа орналастырылып, жазғы уақыттарын тиімді пайдаланып, қызметтерін аяқтады. Жылдан жылға жастар арасында танымал және сұранысқа ие болып келе жатқан осы жоба аясында бірінші кезекте әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын жұмысқа орналастыруға тырысамыз. Былтыр көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан 731 бала қызмет атқарып, биыл да 600-ден астам бала жұмыспен қамтылды. Жастарымыз жас ерекшелігіне қарай, мектеп ауласы мен саябақтар, скверлерде, сондай-ақ қаланың құрылыс компанияларында еңбек етті», - деді республикалық студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының төрағасы Мұрат Мұхамеджанұлы.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/08/a458c0861cb8237131377b9d2f1aecb7.jpg)
Салтанатты жабылу рәсіміне жоба бойынша серіктестер – «Астана орманы» ЖШС, «Астана көгалдандыру құрылысы» ЖШС, «Bazis Constraction» ЖШС өкілдері қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны - көпбалалы ана мен жобаға қатысқан балалар өз ойымен бөлісіп, алғысын білдірді.
Жаз мезгілінде белсенді жұмыс атқарған, ерекшелігімен көзге түскен балалар «Үздік жетекші – 2021», «Үздік сарбаз – 2021», «Үздік құрылысшы – 2021», «Үздік тик-токер - 2021» номинациялары бойынша алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар