Елордада отбасы институтын нығайту жөніндегі заң жобасы талқыланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада отбасы институтын нығайту жөніндегі заң жобасы талқыланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107415525575005.webp)
Әкімдіктің мәліметінше, жиынға қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін қозғап, жаңа заңнамалық бастамаларды енгізу кезінде отбасылық құндылықтарды есепке алудың маңыздылығын, балаларды тәрбиелеуде әке рөлін арттыру қажет екенін атап өтті.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып отыр. Бұл отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан құтқаруға және олардың қауіп-қатер аймағына енуіне жол бермеуге бағытталған. Бүгін біз отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелері жөніндегі ұсыныстарды тыңдау үшін кеңес өткізіп отырмыз», — деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова.
Елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов өз кезегінде халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемаларын шешу үшін отбасы институтын дамытудың түрлі бағыттары бойынша 10 орталық жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың арасында «Жанұя», «Бақытты шаңырақ», «Алтын Шаңырақ Ұясы», «Жібек» және т.б. бар. Отбасы және отбасылық құндылықтар статусын дамыту және нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша өз ұсыныстарын үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғам өкілдері мен дағдарыс орталықтарының басшылары білдірді.