Футболдан Қазақстан командаларының ойынын қай телеарналар көрсетеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Футболдан Қазақстан командаларының ойынын қай телеарналар көрсетеді
ашық дереккөз

Елордалық «Астана» өз алаңында финляндиялық КуПС командасын қабылдайды. Еске салайық, бірінші матч тең есеппен аяқталған – 1:1. Қарымта ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19.00-де басталады. Матч трансляциясы тікелей эфирде «Ел арна» мен «Qazaq TV» телеарналарында көрсетіледі. «Алашкерт» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясын 20:50-де Qazaqstan телеарнасынан көруге болады. Ал қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда словакиялық «Жилина»-мен кездеседі. Бірінші матч словакиялықтардың жеңісімен аяқталған - 2:1. Қарымта ойынды 22:45-те Qazsport телеарнасы көрсетеді.