Қазақстандық өнімді қай елдер тұтынады?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық өнімді қай елдер тұтынады?
ашық дереккөз

«2020 жыл бүкіл әлем үшін оңай болмады. Көптеген ел әлемдік тауар нарығындағы сұраныстың төмендеуіне, жүк тасымалының күрделенуіне, шетелдік бизнес-серіктестермен байланыстардың үзілуіне тап келді. Осының салдарынан халықаралық тауар саудасының көлемі 5%-ға, көрсетілетін қызметтер саудасы 20%-ға қысқарды. Биыл біртіндеп ахуал қалпына келіп жатыр. Мәселен, 5 айда Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 36,4 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артты», – деді министрліктің алқа отырысында Қайрат Төребаев.

Оның айтуынша, шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4%-ға өсіп, 7,2 млрд долларды құраған.

«Мыс пен катодтар өсім драйверіне айналды. Олардың экспорты 35,7%-ға өсті. Жалпақ прокатты жеткізу 89,1%-ға, күміс 2,2 есе, күнбағыс майы 49,5%-ға артты. Қазақстандық өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей, Қытай, Өзбекстан болып отыр»,– дейді ол.