Бүгін – Халықаралық Каспий күні

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін – Халықаралық Каспий күні
ашық дереккөз

Еске сала кетсек, 2006 жылы дәл осы күні Каспий теңізі мен қоршаған ортаны ластанудан қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция күшіне енген болатын. Құжатқа Тегеранда қол қойылды.

«Ол Каспий теңізі өңірін қорғауға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды және бұл үшін қажетті институционалдық тетіктерді құруды көздейді. Бұл күнді белгілеудегі мақсат – қарқынды дамып келе жатқан Еуразияның өнеркәсіптік, көліктік және курорттық орталығында табиғатты қорғау, осы саладағы 5 мемлекеттің ынтымақтастығын нығайту және экологиялық білімді насихаттау», – деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.