Жарты жылда қазақстандықтар базар-дүкендерде 5,3 трлн теңге жұмсаған

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жарты жылда қазақстандықтар базар-дүкендерде 5,3 трлн теңге жұмсаған
ашық дереккөз

Шағын бизнес үлесіне 3,4 трлн теңге тиеді, оның ішінде 1,7 трлн теңге нарықта сауда жасайтындар мен жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Тағы 1,3 трлн теңге – ірі бизнес, ал 644,2 млрд теңге орта бизнес есебінен түсті. Бөлшек сауданың жалпы көлемінде 3,5 трлн теңге – азық-түлікке жатпайтын тауарлар, 1,9 трлн теңге азық-түлік өнімдеріне жұмсалған. Былтырғы бірінші жартыжылдықта бөлшек сауда көлемі 4,6 трлн теңге еді. Бір жылда бұл көрсеткіш 6,7%-ға азайып отыр. Өңірлерге шақсақ, бөлшек сауда көлемінің үштен бір бөлігі Алматыда жасалған: 1,7 трлн теңге. Үздік үштікке елорда (609,1 млрд теңге, бір жылда 6,9%-ға көп) және Шығыс Қазақстан облысы (486,4 млрд теңге, бір жылда 5,2%-ға көп) енді. Сонымен қатар бөлшек сауда көлемінің ең үлкен жылдық өсімі Маңғыстау облысы (10,1%, 96,4 млрд теңге) мен Шымкентте (9,6%, 198,5 млрд теңге) тіркелді. Былтыр бөлшек сауда көлемі 11,7 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Оның 35%-ы немесе 4,1 трлн теңге азық-түлік тауарларының үлесінде. Азық-түлік тауарлары сегментіндегі бөлшек сауданың басым бөлігі ішімдіктерге, оның ішінде алкогольге (681,9 млрд тг), етке (624,7 млрд тг), сүт өнімдері мен жұмыртқаға (495,7 млрд тг) тиесілі. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бөлшек саудасының жалпы көлемі – 7,6 трлн теңгеге тең (65%). Өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға аз. Мұнда ең көп сома киімге (891,1 млрд теңге), жаңа жеңіл автомобильдерге (634,2 млрд теңге) және тұрмыстық (электр) құралдарға (496,8 млрд теңге) жұмсалған.