АШМ қазақстандықтарды Маңғыстау облысына көмек көрсетуге шақырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АШМ қазақстандықтарды Маңғыстау облысына көмек көрсетуге шақырды
ашық дереккөз

«Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде өздерінің біркүндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді. Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады»6 - делінген үндеуде.

Ал ақша аударуға болатын реквизиттер министрліктің сайтында көрсетілген.