Сархат Бейсенова: Елорда әлі де «қою қызыл» аймақта
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сархат Бейсенова: Елорда әлі де «қою қызыл» аймақта](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107411241041519.webp)
«Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылықтың қарқынды көрсеткіші бойынша ғана емес, сондай-ақ 100 мың тұрғынға инфекциялық төсектердің жүктемесі мен толуы бойынша да айқындалады. Осы жылдың 18 шілдесінен бастап елордада инфекциялық төсектердің жүктемесі 70%-дан асты, төсектерді толтырудың қарқынды көрсеткіші 200-ден жоғары болды. Осыған байланысты, екі көрсеткіш негізінде қала «қою қызыл» аймақта тұр», - деп хабарлады санитарлық дәрігер. Спикердің айтуынша, жыл басынан бері елордада коронавирустық инфекцияның 99 176 жағдайы тіркелген. Шілдеде бұл көрсеткіш 38 046 жағдайды құрады, аптасына 9803 жағдай тіркелді, соңғы тәулікте – 1153. «Ауырудың жоғары деңгейі ересектер арасында тіркеледі: 18-29 жас аралығында – 16,4%, 30-39 жас аралығында – 22,2%, 40-49 жас аралығында – 28,4%, 60 жастан асқан егде жастағы адамдар арасында – 13%, балалар арасында – 16,7%, жасөспірімдер арасында – 3,3%», - деді Сархат Бейсенова. 14 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ індеті наурыз айынан бастап 2,5 есе өсті. Мәселен, наурыз айында 1 106 жағдай тіркелген болса, шілдеде бұл көрсеткіш 6 058-ге жетті. Мамандар балалардың барлық жас тобында ауырудың өскенін атап өтті.