Елордада балалар коронавируспен жиі ауыратын болды – Тимур Мұратов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада балалар коронавируспен жиі ауыратын болды – Тимур Мұратов
ашық дереккөз

«Қазіргі уақытта оң нәтижесі бар 74 бала стационарлық ем қабылдап жатыр, оның ішінде 7 бала ауыр жағдайда палаталарда жатыр. Өткен тәулікте 12 бала ауруханаға түсті. Амбулаторлы түрде ем алып жатқандардың саны – 834 бала. Реанимация бөлімшесінде балалар жоқ. Жыл басынан бері КВИ-мен 10 мыңнан астам бала ауырып шықты, оның ішінде стационарлық және амбулаторлы пациенттер», – деді басқарма басшысы. Тимур Мұратовтың айтуынша балалар арасында КВИ ауруының өсуі жаз айларында тіркелді. Осылайша, оларда улану, қалтырауға ұқсас белгілер кездесіп, жоғары температура байқалған, сонымен қатар катаральды белгілері де бар. «Балаларда жүйке жүйесі зақымдалуы мүмкін, өз кезегінде бұл ағзаға кері әсерін тигізеді. Арасында есеңгіреу хәлі де байқалады», - деді Т. Мұратов. Ведомство басшысы айтап өткендей, инкубациялық кезең ересектердегідей – 4-14 күнді құрайды.