Қазақстандық қыз АҚШ-тағы Miss World International байқауында жеңімпаз болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық қыз АҚШ-тағы Miss World International байқауында жеңімпаз болды
ашық дереккөз

Сұлулық байқауы 8-11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) өткен. Қыз бұл ұмытылмас тәжірибе болғанын айтты. Ол бүкіл әлемнен жаңа достар тапқан. "Украина мен Нигериядан келген байқау қатысушыларымен жақсы араласып кеттім", - дейді қазақстандық қыз.

"Көп эмоция, көп ел, оқиғалар өте қызықты болды. Әсіресе, мен үшін. Себебі, мен мұдай байқауға бірінші рет қатыстым. Танымал, көрікті, ақылды қатысушылармен танысу өте керемет", - деп бөлісті Дина.