Елордада карантин талаптарын бұзған мекемелер жауапкершілікке тартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада карантин талаптарын бұзған мекемелер жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөз

Мысалға кеше, яғни 10 тамыз күні елордада 7 нысанда тиісті талаптар сақталмағаны тіркелді. Нақтырақ айтсақ, Есіл ауданында орналасқан «Chechil pub» барында, Сарыарқа ауданындағы «Шашлыкофф» дәмханасында жұмыс режимі сақталмаған. Сол сияқты Алматы ауданында карантин шектеулерін «Сұлтан MIX» кафесі, «Алас» саунасы, «ХЗ» бары, Әлиев көшесіндегі спа салоны және «Какие люди» бары бұзды. Осыған байланысты тиісті жоғарыда аталған мекемелердің ісі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауырғандар санының өсуі жалғасуда. Мәселен, өткен тәулікте 1200-ге жуық науқастан КИВ анықталды. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сол сияқты кәсіпкерлік нысандар шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.