Қазақстанда күн суытады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда күн суытады
ашық дереккөз

2021 жылғы 12-14 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жарияланды.

«Батыс Сібір циклоны республиканың шығыс бөлігінде әлі де қолайсыз ауа райы қалыптастырады. Мұнда жаңбыр жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыста найзағаймен, бұршақпен әрі екпінді желмен бірге қатты жаңбыр жауады. Республиканың батыс жартысында ауа райы Жаңа Жер облыстарынан келетін антициклонмен анықталады - температура төмендейді. Елдің солтүстік, орталық пен шығыс бөлігінде ауа температурасы түнде 5-13-ке дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде 8-18-ге дейін, күндіз 18-34 градусқа дейін жетеді деп болжанып отыр. Батыста температура түнде аздап төмендейді - 17-27, ал күндіз 30-40 градусқа дейін жетеді», - дейді синоптиктер.