Биыл отандық әуе компанияларының табысы 1,5 есе өскен

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл отандық әуе компанияларының табысы 1,5 есе өскен
ашық дереккөз

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта отандық әуе компаниялары 4,2 млн жолаушы тасымалдаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 79,6%-ға артық. 2020 жылы жолаушылар тасымалы бірден 35,8% қысқарған. Биыл коронавирус пандемиясына қарамастан жолаушылар саны айтарлықтай өсіп, рекордтық көрсеткіш тіркелген. Олардың басым бөлігі, яғни 3 млн адам Алматы әуежайының үлесіне тиеді. Кейін тізімде Шымкент (905 мың жолаушы) және Нұр-Сұлтан (278,9 мың жолаушы) тұр. Алматы және Қарағанды облыстарының әуежайына 3,9 мың және 1,2 мың жолаушы келген. 4,2 млн жолаушының 4 млн-ға жуығы отандық әуе компанияларының қызметін пайдаланған. Оның ішінде 3,5 млн жолаушы ішкі рейс, ал 484,5 мың жолаушы халықаралық рейспен ұшқан. Сонымен қатар 3 млн жолаушы (оның ішінде 2,5 млн жолаушы – ішкі рейс) Air Astana-мен ұшқан. Жыл соңына дейін қазақстандық әуе компаниялары жолаушылар саны 9,1 млн-нан асады деп болжам жасап отыр.