Коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 пайызы – вакцина алмағандар

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 пайызы – вакцина алмағандар
ашық дереккөз

Ал 2 компонентті екпе алуға қажетті халықтың 45,2 пайызы – шамамен 4,5 млн адам алды. Вакцинацияның 1-дозасымен ең төменгі қамту проценті Маңғыстау облысында байқалады. Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Вакцинацияның тиімділігін бағалау барысында аурудың 99,9 пайызы вакцина алмағандарға тиесілі екендігі анықталды. Бұл ретте вакцинациядан кейін ауырғандардың үлесі не бәрі 0,1 пайызды құрайды», - деді Алексей Цой.

Министрдің мәліметінше, екпе алмағандар арасында COVID-19-дан өлім-жітім үлесі 97,7 пайызға жеткен. Ал вакцинация алғандар арасында қайтыс болғандар 2,3 пайызды құрап отыр. Бұл ретте олардың ауыр созылмалы аурулары болған.