Цой Қазақстанда қанша төсек-орын бос екенін айтты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Цой Қазақстанда қанша төсек-орын бос екенін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107412310158650.webp)
ашық дереккөз
Цойдың сөзінше, бүгінде елдегі төсек-орындардың 46 пайызы бос.
"11 тамыздағы жағдай бойынша, 328 медициналық мекемеде 55 658 инфекциялық төсек-орын бар. Оның 54 пайызы бос емес. Инфекциялық стационарларда реанимациялық төсек-орын саны - 4 969, оның 45 пайызы бос емес", - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда резервте 7 419 төсек-орын дайын тұр.
"Инфекциялық төсек-орындарда жатқандар саны Атырау мен Нұр-Сұлтанда көп - 69 пайыз, ал Ақтөбе облысында - 65 пайыз, Алматы мен Жамбыл облысында - 63 пайыздан", - деді Цой.
Ұқсас жаңалықтар