Air Astana ұшағына найзағай түсті ме?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Air Astana ұшағына найзағай түсті ме?
ашық дереккөз

Оқиға 9 тамызда кешке болған. Алматы-Тбилиси бағытындағы әуе кемесі 20.30-да ұшып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына оралды.

«Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Борт ауыстырылғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті. Ұшақ инспекциясы толық көлемде орындалды. Найзағайдың түсу іздері табылған жоқ», - деді Air Astana әуекомпаниясының өкілі.