Әрбір бесінші жол апаты көлік жылдамдығын арттырудан болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әрбір бесінші жол апаты көлік жылдамдығын арттырудан болады
ашық дереккөз

Оның мәліметінше, көлік жылдамдығын арттыру кесірінен жыл басынан бері 136 адам қаза тауып, 1 628 адам жарақат алған. Сондай-ақ ведомство өкілі бүгінде жолдағы өлім-жітімге ең жиі апаратын жол апаты түрлерін атады.

«Олар – жаяу жүргіншіні қағу (273 адам көз жұмған, жол апатынан қаза тапқандардың 27%-ы), көліктің аударылуы (176 адам көз жұмған, жол апатынан қаза тапқандардың 17%), қарама-қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысу (141 адам көз жұмған, жол апатынан қаза тапқандардың 14%)», – деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен онлайн баспасөз мәслихатында.