Елімізде 30 жылда 1,5 млн адамға баспана кілті табысталған

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 30 жылда 1,5 млн адамға баспана кілті табысталған
ашық дереккөз

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру басталғалы (2017-2020 жылдар) 52 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 470 мың баспана салынды. Тұрғын үй құрылысына 3,6 триллионнан астам қаражат тартылды. Оның ішінде 864 миллиард теңге – мемлекеттік инвестиция. Ал жеке инвестиция мемлекеттік қаражаттан 6 есе артық болды. Биыл еліміз бойынша 17 миллион шаршы метр тұрғын үй (163,1 мың баспана) салу жоспарланып отыр.

«Бұдан бөлек, тұрғындардың өмірін жайлы ету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық секторын және тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша 132,9 миллиард теңгеге 572 жоба іске асырылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында.