7 айда 7 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
7 айда 7 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған
ашық дереккөз

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің айтуынша, жалпы ел жолдарында 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Соның салдарынан 1 017 адам қаза тауып, 9 533 адам түрлі дене жарақатын алған. Ал 7 айда жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды десек, оның ішінде жылдамдықты асырудың 1,4 миллион фактісі тіркелді», - деді ведомство өкілі.

Одан бөлек, жол белгілері талаптары мен таңбаларды елемеудің мыңға жуық оқиғасы анықталып, 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас халде басқарғаны үшін ұсталған.