Биыл әлемдегі ең үздік әуежайлар анықталды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл әлемдегі ең үздік әуежайлар анықталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107413212172338.webp)
ашық дереккөз
Үздік әуежайларды анықтау кезінде инфрақұрылым, кезек күту, қызмет көрсету және нысан қызметкерлерінің жолаушыларға қарым-қатынасы ескерілді. Рейтингте Катар астанасы Дохадағы Хамад әуежайы көш бастаса, екінші орын Токиодағы Ханедаға, үшінші орын Сингапурдағы Чангиге бұйырды. Сондай-ақ үздік ондыққа Сеулдегі Инчхон, Токиодағы Нарита, Германиядағы Мюнхен, Швейцариядағы Цюрих, Лондондағы Хитроу, Жапониядағы Кансай және Гонконгтегі әуежай енген. Ал ТМД елдерінің ішінде ең жоғары 51-орынды Баку әуежайы, 57-орынды Мәскеудегі Шереметьево әуежайы иеленді.
Ұқсас жаңалықтар