Әр қазақстандықтың денсаулығына жылына 4 400 тг жұмсалған
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әр қазақстандықтың денсаулығына жылына 4 400 тг жұмсалған](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107414743823160.webp)
Жергілікті бюджет шығынындағы денсаулық сақтау саласының үлесі осы жылы небәрі 2,3% болған, былтыр бұл көрсеткіш 3% еді. Ал 2018 жылға дейін денсаулық сақтау саласына кететін жергілікті бюджет шығыны 15%-20% аралығында өзгеріп отырған. Өңірлерге шақсақ, денсаулық сақтау саласына ең көп қаржыны Алматы қаласының жергілікті бюджеті бөлген: оңтүстік астаналықтар үшін бір жылда 15,7 млрд теңге жұмсалған, бұл алдыңғы жылғы шығыннан 3,1%-ға көп. Үздік үштікке Қарағанды және Жамбыл облыстары да кіреді: ондағы тұрғындардың денсаулығына 8,1 млрд теңге бөлініпті. Денсаулық сақтауға ең аз қаржыны Ақмола (1,6 млрд тг), Маңғыстау (2,2 млрд тг) және Солтүстік Қазақстан (2,3 млрд тг) облыстарының бюджеті бөлген. Орташа алғанда, әрбір қазақстандықтың денсаулығына жылына 4 400 теңге бөлінген. Алматы қаласы (7 900 тг), Жамбыл (7 100 тг) және Қарағанды (5 900 тг) облыстарының тұрғындарына бұдан көптеу келеді. Ал Ақмола облысының тұрғындарына, керісінше, азырақ – 2 200 теңгеден бөлінген.