Xiaomi әлемде ең көп сатылатын смартфон брендіне айналды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Xiaomi әлемде ең көп сатылатын смартфон брендіне айналды
ашық дереккөз

Зерттеуге сүйенсек, Xiaomi смартфондарының сатылымы маусым айында мамырмен салыстырғанда 26%-ға артқан. Әлемдік сатылымда Xiaomi үлесі маусым айында 17,1%-ды құрады. Екінші орында – Samsung (15,7%), үшінші орында Apple (14,3%) тұр.

«Huawei смартфондарының сатылымы төмендегеннен бастап, Xiaomi олардың осы әлсіздігін сауатты пайдаланды», – дейді Counterpoint компаниясының зерттеу бойынша директоры Тарун Патхак.

Бүгінде компанияның өнімдері Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка нарығында бар.