Қай вакцинаның тиімділігі жоғары: «Олимп» зерттеу жүргізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қай вакцинаның тиімділігі жоғары: «Олимп» зерттеу жүргізді
ашық дереккөз

Талдау 2021 жылғы 7 маусым мен 4 тамыз аралығында елордадағы зертханада жүргізілген. Оған поствакциналық антиденелердің бар-жоғын тексеру үшін 962 адам талдау тапсырған. Олар 6 түрлі екпе алған.

«Спутник V» вакцинасын 866 адам, Hayat-Vax екпесін 58 адам, отандық QazVac вакцинасын 14 адам, CoronaVac екпесін 12 адам, Pfizer вакцинасын 9 адам, AstraZeneca екпесін 3 адам салдырған», - деп жазылған хабарламада.

Аталған зертхананың бас директоры Ерлан Сүлейменов талдаудың қорытындысы өзгеруі мүмкін екенін айтты.

«Зерттеу нәтижесі бойынша «Спутник V» салдырғандардың 97%, Hayat-Vax –90%, QazVac – 79%, CoronaVac – 92%,  Pfizer және AstraZeneca – 100% поствакциналық антиденелер анықталды. Әзірше зерттеуден өткен пациенттердің саны онша көп емес. Сондықтан талдау тапсырғандардың қатары өскен сайын көрсеткіштер айтарлықтай өзгеруі мүмкін», - деді ұйым басшысы.

Айта кетейік, поствакциналық антиденелерді тексеруге арналған талдауды вакцинаның екінші дозасын алған соң 3 аптадан кейін тапсыру керек.