19 миллионыншы тұрғынның отбасына қандай сыйлықтар берілді?
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![19 миллионыншы тұрғынның отбасына қандай сыйлықтар берілді?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107446914710499.webp)
ашық дереккөз
Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев Жанияның үйіне ата-анасын жеке құттықтау үшін барған. Айтулы оқиғаның құрметіне Жанияның отбасына бір миллион теңгенің сертификаты сыйға тартылған. Сондай-ақ, нәрестеге арба, балаға күтім жасауға арналған заттар мен жеміс-жидек салынған себет табысталған. Сонымен қатар, Жанияның екі үлкен әпкесі де шенеуніктерден смартфон сыйға алған. Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
Ұқсас жаңалықтар