Қазақстан мен Корея Сыртқы істер министрліктері арасында бейнеконференция өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Корея Сыртқы істер министрліктері арасында бейнеконференция өтті
ашық дереккөз

Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, корей делегациясын Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ё Сынг Бэ басқарды. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Осы ретте екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың және гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуы атап өтілді. Кездесу соңында тараптар сенімді саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықты жалғастыру бағытына өздерінің бейілділігін растады.